Home Жаңалықтар Тараз маңындағы жарылыстардан кейін жол бойындағы кешен тоналған

Тараз маңындағы жарылыстардан кейін жол бойындағы кешен тоналған

0
2265

Тараз маңындағы жарылыстардан кейін белгісіз біреулер жол бойындағы кешенді тонап кетті. Бұл туралы «Тау дос» кешенінің иесі Жанна Назарбекова айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кешен жарылыс болған әскери бөлімнен 500 метрде болғандықтан, соққы толқыны қуатты болған. Мекемеде терезелер қирап, шатыр құлаған, жиһаздар мен ыдыс-аяқ сынған.

«Біздің кешен Тараз қаласынан Алматыға шығатын жерде, Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолы бойында орналасқан. Әскери бөлім кешеннің артында, бізден 500 метр қашықта орналасқан. Былтыр мұнда Арыс қаласынан оқ-дәрілер жеткізілді», – дейді кешен иесі.

«Тау-дос» қызметкерлері әуелі әскери бөлім аумағында өрт шыққанын айтты. Өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндіруге кіріскен. Оқ-дәрі бірден жарылған жоқ.

«Күйеуім екеуміз ол кезде кешенде болмадық, біз кеше ғана емделуге кеткенбіз. Кешкі сағат 18.00 шамасында даяшылар бізге қоңырау шалды. Олар жұмыста жүргенде жарылыс болған. Алғашқы толқын болғанда терезелер сынған, адамдар қорыққаннан қашып шыққан. Жартысы Михайловкаға қашқан, бұл жақын маңдағы ауыл. Кейін қатарынан бірнеше жарылыс болған. Кешен іші толығымен қирады. Шатыр, есіктер, терезелер – бәрі жарамсыз. Барлық мүлік бүлінген», – дейді кешен иесі.