Тараз бен Шымкентте жер сілкінісі сезілді

0

Тараз және Шымкент тұрғындары 19 маусым күні сағат 17:10 шамасында жер сілкінісін сезінді.
Бұған әлеуметтік желілерден, сондай-ақ Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтынан алынған хабарламалар дәлел бола алады.
Таразда 2 балдық жер сілкінісі болды. Шымкентте бірнеше секундқа қана сезілді. Әсіресе, 5 қабаттағылар мұны 5-7 секундқа сезген.

Фото: ашықдереккөз