Таран ауданының атауы өзгерді

0
38

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекет басшысы бұған дейін Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерткен еді

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын», – деп жазылған жарлықта.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, 2019 жылдың 23 наурызындағы президент жарлығымен Астана атауы Нұр-Сұлтан деп қайта аталды.

Тағы оқыңыз: Зырян қаласы мен ауданының атауы өзгертілді

Сондай-ақ өткен жылдың қыркүйегінде Зырян қаласы мен ауданының атауы Алтай болып өзгерді.



sputniknews.kz