«Тақтар ойынының» жұлдызы Пилу Асбек қазақстандық көрермендермен сұхбаттасты – фото

0

Қазақстанның астанасында фанаттар сүйікті актерінен автограф алып, селфиге түсу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. «Тақтар ойыны» сериалы арқылы танымал болған дат киноактері Пилу Асбек қазақстандық көрермендермен әңгіме құрып, өзінің жоспарлары туралы айтты.

 Astana Comic Con фестивалінің басты қонақтарының бірі болған Пилу Асбек өз көрермендерімен екі қолтаңба-сессиясын өткізіп, БАҚ-қа арналған баспасөз конференциясына қатысты.

«Асбек мүмкіндігі шектеулі балаға жеке көңіл бөлуді ұйғарды. Балақай комикс және фэнтези жанрына ынтық жанкүйерлердің бірі болып шықты, ол көңіл көтеру фестивалі Қазақстанда осындай форматта өткеніне дән риза», — деп хабарлады фестивалді ұйымдастырушылар.

Танымал актер балаға тезірек сауығып кетуін тілеп, онымен бірге суретке түсіп, естелікке қолтаңбасын берді.


©
Foto : предоставлено организаторами фестиваля Comic Con / Vladislav SEMYONOV

«Тақтар ойынының» жұлдызы Пилу Асбек қазақстандық фанаттармен сұхбат құрды

Жұрт қолтаңба алып, естелік фотоға түсу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды.  

Пилу Асбек Қазақ елі жақсы әсер қалдырғанын айтты.


©
Foto : предоставлено организаторами фестиваля Comic Con

«Тақтар ойынында» Эурон Грейджойдың рөлін сомдаған Пилу Асбек Нұр-Сұлтанда фанаттармен кездесті

Comic Con фестивалі балаларды қорғау күніне орайластырылды, Қазақстандағы іс-шараларды Astana Convention Bureau атынан Нұр-Сұлтан әкімдігі ұйымдастырды.  

Comic Con фестивалінің өткен екі күнінде 30 мыңнан астам адам келді. Фестивалдің соңғы күні, 2 маусымда қазақстандық Ninety One тобының концерті өтеді.  

Sputnik Қазақстан Comic Con Astana фестивалінің ақпараттық серіктесі болды.



sputniknews.kz