«Тақтар ойыны» соңғы маусымы қашан шығатыны белгілі болды — Кино

0

Танымал «Тақтар ойыны» сериалының сегізінші әрі соңғы маусымы 2019 жылы 14 сәуірде шығады. Бұл туралы сериалдың YouTube хостингінде жарияланған ресми тизерінде хабарланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода Старктар отбасының мүшелері — Арья, Санса және Джон Сноу Винтерфелл жертөлесінен өздерінің мүсіндерін тауып алады. 

Осыған дейін НВО арнасы телехикаясының соңғы маусымынан үзінділер жариялаған еді.  

Жазушы Джордж Мартиннің романы бойынша түсірілген сериал 2011 жылдан бері түсіріліп келеді. Жоба 38 «Эмми» жүлдесін алды. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz