Тапаншамен шабуылдаған қаныпезер ұры сотталды

0
Тапаншамен шабуылдаған қаныпезер ұры сотталды


Қарақшылық шабуылы үшін 36 жастағы Дамир Мұқаевқа сот үкім шығарды.

Дамир Мұқаев Tоyota Camry көлігін ұрлағысы келіп, иесін жарақаттаған.

«Сот «қару қолдана отырып аса ірі көлемдегі қарақшылық» бабымен Дамир Мұқаевқа 8,5 жылға қатаң режимдегі колонияда бас бостандығынан айырылуы туралы жазалау шараларын тағайындады», — деп сот үкімін Қайрат Шалқаров оқыды.

Дамир Мұқаев Артем Пеливаннан автокөлік сатып алу сылтауымен одан көлік жүргізіп көруін өтінді. Олар Орал — Атырау бағыты бойынша жолға шыққан. Жайық қалашығының ескерткішіне жақын жерде көлікті тоқтатқан Дамир Пеливанға травматикалық тапаншамен 3 рет оқ атқан. Біреуі Артем Пеливанның жамбасына тиген, бірақ ол қашып үлгерген. Жараланған Пеливан Оралда дереу облыстық ауруханаға барған.

«Пеливан кілтін ала кеткен соң, Мұқаев көлікпен кете алмады. Сондықтан Дамир Мұқаев көлікті тастап, қалаға оралды», — деді Шалқаров.