Танымал журналист Әнуар Омар кенеттен қайтыс болды
Марқұмның жүрегі тоқтап қалған.
Астанада 14 қарашада журналист, ҚР ішкі істер органы медиа-орталығының бас редакторы Әнуар Омар кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Today.kz.
Әнуар Омар 38 жасында өмірден озды. Досы әрі әріптесі Самат Ысқақовтың сөзінше, ол 39 жасына бір ай қалғанда қайтыс болып кеткен.
«Дені сау, зиялы, жөні түзу адам еді. Белсенді қоғам қайраткері болатын. Оны бәріміз Олжас Сүлейменовпен бекерден-бекер салыстырмайтынбыз, көрнекі, харизмасы мықты адам еді. Жүрегі тоқтап қалыпты. Бәрін ішіне түйіп ұстайтын, шешілмеген түйіні болған шығар», – деді Самат Ысқақов.
Ысқақовтың сөзінше, Әнуар Омар шығармашыл әрі ортаны жандыратын тұлға болған.
«Мүсілім Магомаев сияқты қалай әдемі ән салды, «ай жүрісі» Майкл Джексондыкіндей, үнемі қошеметтің ортасында жүрді. Бір қызды ұнатып қалғанда, бір жерден шабыт алғанда мөлдіретіп өлең жазып, оны әдемі қылып оқып беретін», – деді Самат Ысқақов.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!