Танымал журналист әлі көмір жағып күнелтетін халықтың жанайқайын айтты — новости Казахстана

0

Танымал журналист Төлен Тілеубай әлі күнге көмір жағып күн көретін ауылдағы халықтың жанайқайын жеткізді. БАҚ өкілі қара алтын мәселесінің әлі күнге оңтайлы шешімі табылмағанын Facebook парақшасында мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Фото:агро-спб.рф

Фото:агро-спб.рф

«Қызыл от қысырамайды» дейтін марқұм әкем. Бірақ ол заманда көмір әрі арзан, әрі мол, әрі сапалы болатын-ды. Ал бүгін ауылда көмір жетіспейді. Арқаның сақылдаған сары аязы кешкілік қаһарына мінеді. Мұндай уақытта көмір түсірмеген үйлер бір-бірінен көмірді шелектеп қарызға алады», — деген Төлен Тілеубай жырақтағы ауылдарға көмірдің тоннасын 17-18 мыңнан сататындарды сынға алды.

«Өзіміз көмірдің үстінде отырамыз. Бірақ ауылдағы үйлер азынап тұр. Неткен әділетсіздік?! Көмір өндіретін жерден тоннасын 10-12 мың теңгеге сатып алатын алаяқ алыпсатарлар ауылдық жерде оның тоннасын 17-18 мыңнан сатады.

Ал үкіметке күнде жиын өткізетін ақ жағалылар «Көмірді арзандатамыз. Бұл мәселеге әкімдер жауап береді» деп, бұл істі майшаммен қарағандай болады. Бірақ шенеуніктің бәрі жылы үйде ұйықтайды. Ал ауылдың халқы жолға қарап, «Көмір келе ме?» деп бүрсеңдеп жүр», — деп жазбасын аяқтады журналист.

Қазақпарат мәліметінше, Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек көмірдің бағасын 2500-3000 теңгеге дейін төмендейтінін айтқан.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар