Танымал вайнерлер жарнамалаған пирамиданың құрбаны болған салымшылардың саны белгілі болды

0

Танымал вайнерлер мен әртістер жарнамалаған «Astex.kz» компаниясына 160-тан астам салымшы ақша аударған. Қаржы ұйымының басшылары салымшыларға ортақ түсімнен ай сайын 20% мөлшерде сыйақы төлеп отыруға уәде берген.

Азаттық рухының хабарлауынша, жеңіл пайдаға қызыққан адамдар қаржылық пирамидаға өздерінің жиған-тергендерін ғана емес, таныстарының да ақшасын аудартқан.

«Жиналған себебіміздің басты мақсаты – ұсталған кейбір адамдардың «Astex.kz» компаниясына мүлдем қатысының жоқтығы. Біз тергеудің және осыған қатысы бар адамдардың жазалануын, салынған ақшалардың қайтарылуын талап етеміз. Зардап шеккен 160-170 адам бар, олардың да құқығы сақталу керек. Біз ақшаны «Astex.kz» компаниясына құйдық. «Mudarabah Capital» салымшыларының бізге қатысы жоқ. Екеуінің салымшылары екі бөлек. «Astex.kz» тендерге қатысып, одан тапқан пайданың 10-20% аралығында бізбен бөлісті. 20% көп емес, бір нәрсені сатып, пайда көру үшін 30-40% қоспаса, одан кіріс болмайды. Өйткені инфляция жоғары, ҚҚС-ның өзі 12%. Одан басқа офисті жалға алу, жол шығындары бар. Пайдасын бір-екі ай көрдік. Біз бұларға таныстар арқылы келдік. Қазір «Mudarabah Capital» салымшыларының қайта-қайта араласуымен тергеу ісі созылып жатыр.Бұл мәселе 2021 жылдың ақпан айында басталды. Сәуірдің 27 күні полицияға арыз жаздым. Мамыр айында Алмас Құрманғалиев қамалды. Мен ай сайын 20% пайда көріп отыруым керек еді. Соттың қорытындысы бойынша олар маған 18 млн теңге қарыз. Шындығында мен одан да көп ақша аударғам» деді «Astex.kz» ЖШС салымшысы Ұлан Бақырбаев.

(ақпарат, фото Orda.kz сайтынан алынды)