Домой Жаңалықтар Танымал тұлғаны «албасты» дегеніңіз артықтау болды — Меруерт Түсіпбаева

Танымал тұлғаны «албасты» дегеніңіз артықтау болды — Меруерт Түсіпбаева

0
6331

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің Инстаграм парақшасында Зейнеп Ахметоваға жазба арнады. Естеріңізге салайық, әлеуметтік желіде қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың дастархан басында айтып отырған әңгімесінің видеосы таралып кетті. Онда Зейнеп апамыз әншілердің әнді ауыздарын жыбырлатып фонограммамен айтатынын, оның ішінде Мақпал Жүнісованың да бар екенін айтып «Мақпал албасты» деген жері де естіледі. Бұл видеоны әнші, термеші Айгүл Елшібаеваның түсірген.

Аса құрметті, Зейнеп әпке! «Адамның басы — Алланың добы»- деген сөз бар. Әр пенденің өмірі — өзі қалағандай болса, өзі армандағандай болса, пенде Құдайын ұмытары сөзсіз…. Маңдайға жазылған тағдыр деген болады, Зейнеп әпке. Сізге ақыл айтуым мүмкін емес, маңдайыма Бауыржан атамыздай батырдың келіні болу жазылмағандықтан…. Дегенмен, мектепте оқып жүргенімде, Мақпал әпкемнің жатақханадағы адресін тауып, қолым дірілдеп, 18 рет жазып, 17 рет ол хатты жыртқан, өнеріне табынатын бір қазақтың қызы ретінде сізге жауап берейінші…. (Айып етпеңіз, алдын — ала кешірім сұраймын сізден. )Өз басым осы әріптес болғалы, Мақпал Жүнісованың фонограммамен ән айтқанын естімеппін (ТВ-түсірілім кезінде болмаса)… Көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған,танымал тұлғаны «албасты» дегеніңіз артықтау болды деп ойлаймын. #жекепікірім…. Ал қазақтың #Тұсаукесер дәстүрін бизнеске айналдырған әріптестерім болса, өзім де оларға #албасты дер едім….#өзойым

Меруерт Түсіпбаева