Танымал тележүргізуші Әнуарбек Жалел екінші рет үйленді (фото)
Белгілі журналист әрі тележүргізуші Әнуарбек Жалел екінші рет отбасын құрды. Бұл туралы журналист Нұрсейіт Жылқышыбай желіде хабарлады, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Тележүргізушінің таңдауы Дариға есімді аруға түскен. Әзірге жас келін туралы қандай да бір ақпар жоқ. «Бауырым, бақытты болыңдар! Нағыз ерсің», — деп жазды желіде Жылқышыбай. Айта кетелік, Әнуарбек Жалел 2017 жылы әріптесі Айгерім Есенәлімен көңіл қосқан болатын. Алайда бір жарым жыл бұрын екі тележурналистің жолы екіге айырылғаны анықталды.
Кейін сұхбат берген Айгерім жұбайымен не үшін ажырасқанын нақты айтқан жоқ. Әнуарбек Жалел мен Айгерім Есенәлінің ортақ бір қызы бар. Журналистің бұрынғы әйелінің айтуынша, олар ортақ қыздары үшін үлгілі ата-ана ретінде қала бермек.