Танымал спортшылар қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады
Геннадий Головкин жанкүйерлерін жаңа жылмен былай деп құттықтады:
«2018 жылы қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет! Сіздерге, отбасыларыңызға бақыт, береке, табыс тілеймін! Жаңа жыл бақыт әкелсін! Жаңа 2019 жыл құтты болсын!» — деп жазды ол Instagram парақшасында.
Екі тұжырым бойынша бұрынғы әлем чемпионы Жанат Жақиянов:
«Баршаңызды келе жатқан 2019 жылмен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық және отбасылық береке тілеймін! Еліміз әрдайым гүлдене берсін! Жаңа жыл құтты болсын!», — деді.
Еске сала кетейік, биыл ақпан айында боксшы кәсіби мансабын аяқтаған болатын.
«Мен карьерамды аяқтаймын деп шешім қабылдадым. Оған негіз болған себептер аз емес. Мен 3-4 ай бойы ойланып, бүгін міне, тиісті шешім қабылдадым. Осы уақытқа дейін мені қолдап келген азаматтардың барлығына алғасымды білдіргім келеді. Бірінші кезекте мен жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Сондай-ақ бақилық болған бапкерім, Александр Николаевич Лебедевке алғым шексіз. Бапкерлерім Рикки Хаттон, Майк Джексон, Виктор Ивановқа басымды иемін. Менеджерлерім Филипп Фондю мен Ерік Жайлауовқа рахмет. Бұлардың барлығы да маған барлық жағынан қолдау көрсеткен азаматтар. Мен үлкен жолдан өттім, енді соны аяқтайтын уақыт та жеткен сияқты»,-деп мәлімдеген болатын сол кезде Жанат Жақиянов.
Ал күзде бұрынғы чемпион Бокстан олимпиада резервінің Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебіне басшы болып тағайындалды. Қазақстандық рекордшы, қара күш иесі Сергей Цырульников:
«Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтаймын, адамдарға бақыт пен ізгілік тілеймін. Ең бастысы — мақсатқа адал болу. Жаңа жыл табыс әкелсін, қадірлі достар!», — деп тілектерін жаудырды.
Мамыр айында Сергей салмағы 148 тонналық вагон тіркеулі тепловозды бірнеше метрге сүйреп апарып, кезекті рекордын орнатқан болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат