Танымал спортшы қызды бұрынғы жігіті пышақтап өлтірді — новости Казахстана
Ресейдің Тольятти қаласының тұрғыны, жүзуден жастар арасындағы Ресейдің вице-чемпионы Сафия Аскарованы бұрынғы жігіті пышақтап өлтірген деп хабарлайды Eurosport.ru cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ата-анасының айтуынша, 16 жастағы Сафия дүкенге шығып кеткен. Бастапқыда олар құрбысының үйінде шығар деп ойлаған. Қызы кешіккен соң, полицияға хабарласыпты.
Тәртіп сақшылары спортшы қыздың мәйітін тез арада тапты.
Көрші мектептің 16 жастағы оқушысы Сафияның 17 жерінен пышақ сұғып, аяуандықпен өлтірген екен.
Күдікті бұл қылмысқа спортшы қыз ұсынысын қабылдамағаннан соң барғанын айтқан.
Еске сала кетсек, Сафия Аскарова жүзуден спорт шебері. Желтоқсанның басында «Резерв Россия» турниріне қатысқан.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар