Танымал ресейлік әнші Юлия Началова қайтыс болды — Қазақстан жаңалықтары
Ресейлік әнші Юлия Началова сенбі, 16 наурызда, 39 жасында қайтыс болды.
Бұл туралы «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Әншінің өлімі туралы ақпаратты оның пиар-директоры растады. Белгілісі, Юлия Началова қант диабетінен зардап шеккен.
11 наурызда әншінің қанындағы қант мөлшері күрт жоғарылап кетіп, аяғы іріңдей бастағандықтан, ол ауруханаға жатқызылған. Әртіс 13 наурыздан бері жасанды комада болыпты. Сенбі күні оған ота жасалып, Юлия Началова ес жимастан қайтыс болды.
Юлия Началова 1981 жылы 31 қаңтарда Воронежде дүниеге келген. 5 жасынан бері сахнада өнер көрсетіп келеді. Ол 1992 жылы «Утренняя звезда» байқауында жеңіске жеткен. 1995 жылы Нью-Йоркте өткен Big Apple-95 фестивалінде гран-приді иеленіп, Кристина Агилераны басып озды.
Әнші «Белая сирень», «Учитель», «Любить тебя», «Для тебя», «Герой не моего романа», «Я выбираю» әндерін орындаған.
Юлия Началова екі рет тұрмыс құрған. Оның футболшы Евгений Алдонинмен екінші некесінен 2006 жылы дүниеге келген Вера есімді қызы қалды.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz