Танымал ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк дүниеден озды

0

Ресейлік театр, кино актрисасы, тележүргізуші Анастасия Заворотнюк 53 жасына қараған шақта өмірден озды.

Бұл қайғылы жағдайды оны жақындары естіртті.

«Құрметті достар! Бұл жағдайды түсіну және сөз табудың өзі өте қиын. Бүгін түнде ұзаққа созылған ауыр науқастан біздің Настяның өмірі үзілді. Оған шын жүректен жақсылық тілеп, сауығып кетуіне тілектес болған, жылы сөзін аямаған әрқайсыңызға алғысымыз шексіз. Настя сіздердің қолдауыңызды әрқашан сезініп, бағалай білді. Қоштасу орны мен уақытын кешке хабарлаймыз», – делінген актрисаның Instagram парақшасында.