Танымал қазақстандық журналист өмірден өтті

0

Танымал журналист Қалыбек Атжан коронавирустан қайтыс болды.

Қалыбек Атжан 1954 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінен бастаған ол 40 жылға жуық уақыт телерадио саласында қызмет атқарды. Қазақ радиосында аға редактор, «Хабар» агенттігінің тілшісі, «Қазақстан» РТРК АҚ-ның Шымкент, Тараз филиалдарының директоры, Ұлттық арнаның аймақтағы тілшілер қосынының жетекшісі болды.

«КСРО телевизиясы мен радиосының үздігі», Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Қазақстанның Мәдениет қайраткері.