Танымал қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атағынан айырылды  

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Седовтың Кореядағы әлем чемпионатында жеңіп алған алтын медалі сол додада күміс жүлдегер болған әзербайжандық Низами Пашаевқа автоматты түрде берілді

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық зілтемірші Владимир Седовты 2009 жылы әлем чемпионы атағынан және басқа да медальдерінен айырды, деп хабарлады Sputnik Әзербайжан.

Седов допинг қолданғаны үшін 2008 және 2016 жылдар аралығында жеңіп алған барлық марапатын қайтаруы тиіс. Ол 2009 жылғы әлем чемпионатында және 2016 жылғы Азия чемпионаттарында алтын, 2011 және 2014 жылғы әлем чемпионаттарында күміс, 2013 жылғы әлем чемпионатында қола жеңіп алған болатын.


©
AFP 2019 / Janek Skarzynski

Ауыр атлет Владимир Седов

2016 жылдың жазында IWF және Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) қазақстандықтың анализдерін қайта тексеріп, олардан тыйым салынған станозолол препаратын тапқан болатын. Екі жылға созылған тергеу аяқталғаннан кейін, Седов сегіз жылға спорттан шеттетілді, өйткені ол екінші рет допингпен ұсталып отыр. Ол кезде IWF оны 2008 жылғы Олимпиададағы төртінші орыннан айырған еді.

Седовтың 2009 жылғы Кореядағы әлем чемпионатында жеңіп алған алтын медалі сол додада күміс жүлдегер болған әзербайжандық Низами Пашаевқа автоматты түрде берілді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық зілтемірші он жылдан соң Олимпиада чемпионы атанды

Осылайша, Низами Пашаев ауыр атлетикадан үш дүркін әлем чемпионы атанып, Әзербайжанда үш рет әлем чемпионатын жеңген алғашқы спортшы болды.

Пашаев 2002 жылы Варшавада (Польша) және 2005 жылы Дохада (Катар) өткен әлем чемпионаттарында әлем чемпионы титулын иеленген.   



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз