Танымал промоутер Головкин мен Альваресті Жапонияға шақырды

0
20

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

«Канело» немесе Головкинді Токио Олимпиадасының алдында Жапонияға келіп, Муратамен кездесуге келісетінін айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Атақты промоутер Боб Арум орта салмақтағы WBA тұрақты чемпионы жапониялық Риота Мурата мен Геннадий Головкин арасында жекпе-жек ұйымдастырмақшы, деп жазды Prosports.kz.

Top Rank басшысы мұндай мәлімдемені Мурата 23 желтоқсан күні Йокогамада (Жапония) канадалық Стивен Батлерді жеңіп, титулын қорғап қалған соң жариялады.

Тағы оқыңыз: Қарағанды облысының әкімі Головкинге қандай уәде берді? 

Оның айтуынша, келесі жылы орта салмақтағы IBF чемпионы Головкин немесе WBA чемпионы Альваресті Жапонияға шақырып, Муратамен жұдырықтастыруды жоспарлап отыр. Жоспар бойынша бұл жекпе-жек 55 мың адамға арналған «Токио Доум» стадионында, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары алдында өтуі мүмкін. 

«Біз «Канело» немесе Головкинді Токио Олимпиадасының алдында «Токио Доумда» Муратаға қарсы өте үлкен жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға шақыра аламыз деп үміттенемін. Екі боксшы да Жапонияға келіп, Муратамен кездесуге келісетінін айтқан. Біз бұл жекпе-жекті ұйымдастырамыз», – деді Боб Арум. 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз