Танымал имам вакцинаның халал немесе харам екеніне қатысты сұраққа жауап берді

Indonesian women ride a motorcycle past a coronavirus-themed mural in Jakarta, Indonesia, Wednesday, Dec. 23, 2020. Indonesia has reported more cases of the virus than any other countries in Southeast Asia and second in Asia only to India. (AP Photo/Dita Alangkara)
Коронавирусқа қарсы халал вакциналар мәселесі қарастырылмайды, өйткені бұл жайтты қарастыру медицина саласының құзіретіне жатпайды, — деді Денсаулық сақтау вице-министрі және Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Имам Қайрат Жолдыбайұлы да осы мәселеге қатысты өз ойын білдірді.
«Вакцинаның адалдығын дін анықтамайды. Оның адалдығы адам денсаулығына зиянсыз әрі пайдалы болуы. Ал ол уақыттың, кәсіби мамандардың еншісіндегі дүние. Бұл салаға тікелей дінді араластыру қате» деді Қайрат Жолдыбайұлы.
Ерлан Қиясов: «Вакциналардың халал немесе халал еместігін қарастыру жайы медицина саласының құзіретіне жатпайтынын дұрыс түсінуіміз керек. Көптеген ислам елдерінде вакцинация процедуралары жоспарланып, жүзеге асырылып жатады.
Вакцинаны жасау өте қиын жағдайларда жүзеге асырылатындығын, бұл вакциналарға деген қажеттіліктің өзектілігін де ескеруді ұмытпаған жөн, өйткені инфекция жайылып, өлім-жітімнің деңгейі жоғарылаған соң да оған сұраныс артады, — деп түсіндірді.