Танымал гитарист Қайрат Нұртасқа ренішін айтты

0

Музыкант, гитарист Ақсұңқар Қайрат Нұртастың репертуарындағы «Сені сүйем» әнінің шығуына өзі үлес қосқанын айтты. Ол әннің қайырмасын шығарғанымен, оның есімі көпшіліктің алдында аталмайды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Ақсұңқар Instagram желісінде Қайратпен жиі көзге түседі. Сондай кештердің бірінде хит әндердің бірі «Сені сүйем» дүниеге келген.

«Әннің қайырмасын мен жаздым. Бірақ ол көп жерде айтылмайды. Осы нәрсеге өкпелеп қалдым. Қайрат аға екеуміз отырдық, қасымызда Олжас аға бар. Ән тура осылай шықты. Таксиде Аргоня келе жатқан. Дәл ән шыққанда, Қайрат аға екеуміз әнді айтып, видео түсірдік. Аргоняға «мәтін жаз» деп жіберді. Келгенше екі шумақ, бір қайырманың сөзін жазып тастаған. Соған риза болдым. Келгеннен кейін екеуіне де ұнады», — дейді музыкант.

Қайрат Нұртас әннің авторы ретінде өзін көрсетеді. Өнерде сыйласып жүрген ағасы болғандықтан, Ақсұңқар бұған ештеңе дей алмағанын да жеткізді.