Танымал дизайнер шұғыл отамен жүрегінің төрт тамырын ауыстырған

0

Биыл Астана қаласында жүрегіне ота жасатқан танымал дизайнер Берік Ысмайылов оқиғаның қалай болғанын «Ойбай Life» бағдарламасында баяндап берді. Қан қысымының көтерілгенін сезбеген дизайнер ауруханаға жедел жәрдеммен шұғыл жеткізілген деп хабарлайды NUR.KZ.

Берік Ысмайылов. Фото:www.juldizdar.kz

Берік Ысмайылов. Фото:www.juldizdar.kz

Жүрегінің төрт тамырын арнайы отамен ауыстырған Берік Ысмайыловтың жездесі осы дерттен 44 жасында қаза тапқан екен.

«Қан қысымымның көтерілгенін ешқашан сезбегенмін. Аяқ астынан жедел жәрдеммен ауруханаға түстім. Екі күннен кейін ота жасау керектігін білдім. Осы дерттен менің жездем қайтыс болған еді. Кімнің өлгісі келеді дейсің? Әйтеуір, отаны сәтті жасап, жүрегімнің төрт тамырын ауыстырды», — деді ауруханадағы күндерін еске алған дизайнер.

Бағдарлама барысында Берік Ысмайылов өзіне ота жасаған хирургтерге алғыс айта келе, алты жарым сағат бойы жүрексіз жатқанын айтты.

«Сол кезде мені аман алып қалған хирургтерге алғысым шексіз. Мен түкте білмеймін. Бірақ алты сағаттан аса жүрексіз жаттым. Жүрегімді толық тоқтатып, аппаратта жасанды қана йналыммен жатқанмын. Отадан кейін барлығын оқып, оңай дүние емес екенін біліп жатырмын», — деді ағынан жарылған Ысмайылов.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше танымал дизайнер денесіндегі отаның ізін көпшілікке көрсеткен болатын.

Айта кетейік, бағдарламаның толық нұсқасын «Ойбай Life» бағдарламасынан көре аласыздар.