Танымал блогер, мотиватор өзінен кіші жігітке тұрмысқа шықты
Танымал блогер, мотиватор, психолог Балқия Балтабай тұрмысқа шықты. Бұл жаңалықты алғашқы болып Айнұр Тұрсынбаева өз парақшасында хабарлады. Кейін Балқия да өз парақшасында күйеуінің фотосын жариялап, көрімдік сұрады.
Енді қазақ даласында бұрын-соңды болмаған той болмақшы. Тойда тост жоқ, қыз жолдас жоқ, әдеткі той сияқты, ерекше сценариймен өтеді деп Балқия Балтабай өз парақшасында қуанышымен бөлісуде. Өзінің айтуынша жігіті қазақ жіне жасы кіші екен өзінен.
Көпшілік «Әр қыз бақытты болуға лайықты!», » Қосағыңмен қоса ағар», «Түріктің жігітіне тигенсің бе?», «Қолының түгі берекелі екен», «Мен білсем бұл түрік жігіті» деп пікір білдіріп жатыр.