Танымал блогер Азизжан Саидбаевқа іздеу салынды

0
508

Қазақстандағы қаржы пирамидасының дауы бойынша тағы бір отандық блогерге іздеу салынды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов өзінің Telegram-дағы каналында мәлім етті.

Отандық блогерлер Мейіржан Төребев пен Мейірхан Шерниязовтар күдікті ретінде қарастырылып жатқан іс бойынша тағы бір танымал блогер Азизжан Садибаевқа іздеу салынды. «ҚР ҚК 217-бабы — «Қаржы «инвестициялық» пирамиданы құру және басқару» бойынша қылмыс жасады деген күдікпен Қырғызстан Республикасының 1986 жылғы тумасы Саидбаев Азимжан Алымджановичке іздеу салынды», — деп хабарлады Абдрахманов. Саидбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпас шарасы қолданылды. Абдрахманов күдіктіге қатысты қандай да бір ақпаратқа ие азаматтарды келесі телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрады: +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 и 8 (727) 254 43 51.

Айта кету керек, Азимжан Саидбаев — танымал блогер, КВН қатысушысы және актер. Ол «Побег из аула», «Гуд бай, мой бай» сынды кинокартиналарға түскен. Еске салсақ, полиция Төребаев, Шерниязов және Саидбаевты «Mudarabah Capital» компаниясының құрылтайшысы екенін айтқан. Ал Мейіржан Төребаев артынша бұл дауға қатысты өз ойын білдіріп, өзі де аталған қаржы пирамидасына алданып қалғандардың бірі екенін жеткізген.