Танымал баскетболшы Коби Брайантқа «Эмми» сыйлығы беріледі – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Әлемге танымал марқұм баскетболшы Коби Брайантқа «Эмми» сыйлығы берілетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Коби

Бұл туралы АҚШ-тың телевизия академиясының Twitter парақшасында айтылды. 

Марапаттау рәсімі 18 шілде күні өтпек. Бұл сыйлық Коби Брайантқа Лос-Анджелес қаласын дамытуға қосқан үлесі үшін берілмек. 

Еске салайық, спортшы осы жылдың 26 қаңтарында айында тікұшақ апатында қаза болған еді. Тікұшақта баскетболшымен бірге оның 13 жастағы қызы да болған. Бортта отырған 9 адамның ешқайсысы аман қалмаған. Болжамдар бойынша, тікұшақ апатына сол күнгі қою тұман әсер еткен. 

Өзінің спорт тәжірибесінде Брайант «Лос-Анджелес Лейкерс» тобында сайысқа түскен. Олар АҚШ-тың ұлттық баскетбол қоғамдастығының чемпион титулын жеңген. Бұған қоса спортшының екі алтын медалі болған көрінеді. 

Атап кетерлік жайт, «Эмми» сыйлығы телевизия саласындағы АҚШ-тың ең басты марапаты болып табылады. Жыл сайын бұл сыйлықты АҚШ-тың телевизия академиясы табыстайды. 

 



stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз