Танымал әнші жап-жас қызды зорлағаны үшін сотталып жатыр

0
2330
Фото: kun.uz

Самарқан облысында Өзбекстан еліне танымал әнші кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланы зорлағаны үшін істі болып жатыр. Жасұр Өміровтен өзге тағы екі адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ведомство мәліметінше, 5 қаңтар күні прокуратура әнші Жасұр Өміровтің ісін Самарқан облыстық сотына жолдаған.

Жәбірленуші — Ш. лицейінің бірінші курсында оқитын 16 жастағы қыз бала. 21 желтоқсан күні Самарқан облысының прокуратурасы әншіге ӨР ҚК 118-баптың 3 «а» бөлігі бойынша айып тағылып отырғанын айтты. Сот шешімімен ол қамауға алынды.

Тергеу жұмыстарын облыстық прокурор Равшан Машарипов жүргізді. Сондай-ақ, прокуратура «Жасұр Өміровтің кінәсін жиналған айғақтар толық дәлелдеп отырғанын атап өтті». Ал қалған екі азамат оның қылмысын жасырғаны үшін сотталмақ.