Танымал әнші қауіпті дертке шалдыққанын айтты

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

14 0 0

Әртістің бұл дертке шалдыққанына екі жыл болған, қазір емнің арқасында беті бері қарап келеді. Көп ұзамай сахнаға оралуы мүмкін екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Танымал канадалық әнші Джастин Бибер лайм ауруына шалдықты. Бұл туралы әртіс инстаграмдағы парақшасында жазды.

«Көбісі Джастин Бибердің өңі солғын, нашар көрінеді, метамфетамин қолданады деп жатты. Бірақ олар менің лайм ауруына, тек ол ғана емес, созылмалы мононуклеоздың ауыр түріне шалдыққанымды білмейді. Ауру теріме, мидың жұмысына, күш-қуатыма, жалпы денсаулығыма әсер етті», — деп жазды Бибер.

Әншінің айтуынша, ол екі жыл бойы емделіп жатыр. Алайда дұрыс емнің арқасында «әзірге шипасы жоқ дерттен» айығып келе жатқан көрінеді. Жақын арада сахнаға да оралуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетсек, бір кездері Бибердің отандасы Аврил Лавин де лайм ауруына шалдыққан еді. Канадалық әнші бірнеше жыл бойы үйде өмір мен өлім арасында арпалысқан.

Тағы оқыңыз: Танымал әнші бірнеше рет зорланғанын ашық айтты

Лайм немесе боррелиоз – кененің шағуы арқылы берілетін жұқпалы ауру. Лайм ауруының қоздырғышы – Borrelia burgdorferi бактериясы. Бұл аурудың белгілері тұмауға ұқсайды. Әдетте бірнеше күн немесе апта өткеннен кейін сезіле бастайды. Адамның ыстығы көтеріледі, басы ауырады, әлсіздік, денеде бөртпе пайда болады.



sputniknews.kz