Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева көпбалалы аналарға көмектеспек

0

Танымал әнші әділетсіздікке ұшыраған жандарды қорғап, пост жазып жүрген еді, енді желіде ғана емес, қоғамдық өмірде де маңызды мәселелерді қозғамақ. Түсіпбаева көпбалалы аналарға жәрдемдесетінін НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Елге қалай көмектесуге болады? Елге қалай қарлығаштың қанатымен су сепкендей болсын, қандай көмек бере аламыз? Осы тұста үлкен қуанышты жаңалықты айта кетсем болады. Құдай амандығын берсе, біз осы жаңа жылдың қарсаңында көпбалалы аналарға көмек береміз», — деді ол.

Қайырымдылық жасауды ұйғарған Меруерт Түсіпбаева көмекке мұқтаж көпбалалы аналарды керек-жарақпен қамтамасыз етпек.