Танымал әнші Луина ана атанбақ — Қазақстан жаңалықтары

0

«X factor» жобасының танымал қатысушысы Луина ана атануға дайындалып жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші өзінің инстаграм парақшасында өсіп қалған ішін көрсетіп тұрған суретін жүктеп, «Ең басты сыйлық ананың жүрегінің астында», деп жазып қойды. 

Luina, шын аты Луиза Каринбаева, 1987 жылы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Ол X-Factor таланттар байқауының қазақстандық нұсқасына қатысып, онда ол продюсер Жомарт Сүлейменовпен танысқан. Әнші мен продюсердің серіктестігі 2018 жылдың басына дейін созылған.

Естеріңізге сала кетейік, әншінің тойы 19 қыркүйек күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтті. Орындаушының таңдауы 26 жастағы Артем Обухов болды.  

  .

 

 

stan.kz