Танымал әнші күтпеген мәлімдеме жасап, жұртты дүрліктірді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Жеті бірдей туындысы бір уақытта Billboard Hot 100 чартында ойнаған әнші өз карьерасын аяқтамақ

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Танымал америкалық әнші, рэп орындаушысы Ники Минаж музыкалық карьерасын доғаратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында жазған.

«Мен сахнадан кетіп, өз уақытымды отбасыма бөлемін деген шешім қабылдадым», — деп жазды әнші.

Ол көптеген адамдар бұл шешімге қуанатынын айтқан. Ал жанкүйерлері өмір бойы қолдайды деген сенім білдірді.

36 жастағы әншінің шын есімі — Оника Таня Мараж. Ол тамыз айында тұрмысқа шығатынын айтқан болатын. Өз карьерасында Минаж төрт студиялық альбом жазды. Бесіншісін жариялауды жоспарлап отыр. «Грэмми» премиясының номинанты, сондай-ақ, Billboard Hot 100 чартында жеті бірдей әні қатар ойнаған жалғыз әнші.

Никидің жанкүйерлері мұндай мәлімдемені күтпегенін жарыса жазып жатыр.



sputniknews.kz