Танымал әнші күйеуімен бірге тұрудан жалыққанын айтты
Ресейлік әнші күйеуімен үш жыл бұрын ажырасса да, әлі күнге дейін бір үйде тұрады. Ол мұндай жағдайдан шаршағанын айтып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Әнші Татьяна Буланова бұрынғы күйеуі, футболшы Владислав Радимовпен ажырасса да, бір үйде тұратынын айтты. Алайда ол жағдай жақын арада өзгереді деген ойымен бөлісті, деп хабарлайды Lenta.
Буланованың айтуынша, ол бұрынғы күйеуімен бір пәтерде кейін бірге тұрудан жалыққан.
«Алдағы уақытта бөлек тұратын боламыз деп сенемін. Өйткені қазіргі жағдайға мүлдем көңілім толмайды»,- деді әнші.
Татьяна Буланова мен Владислав Радимов 2005 жылы үйленген. Жұлдызды жұп 2016 жылы ажырасты. Бірақ әлі күнге дейін әншінің Санкт-Петербург қаласындағы бес бөлмелі пәтерінде тұрады.
sputniknews.kz