​Танымал әнші Гауһар Әлімбекова алты жылға сотталды

0

​Танымал әнші Гауһар Әлімбекова алты жылға сотталды

Танымал әнші Гауһар Әлімбекова 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Әнші «Алаяқтық» бабымен жауапқа тартылған. Бұл туралы Информбюро хабарлады.


 
Сот залынан әншінің қолына кісен салынып, әкетілген. Әнші сотта көз жасына ерік берген. Ал ол жәбірленуші Бақыт Назаровамен 15 жылдан астам уақыт дос болған. 2013 жылы әнші құрбысынан «Ақкент» тұрғынүй кешенінен пәтер алып беремін деп 40 мың доллар алған. Бірақ үй  де алынбаған, ақшасын да қайтарып бермеген.
 
«Гауһарға ақша тауып беру үшін баламның көлігін, бар зергерлік бұйымдарды сатып, бірнеше рет несие алдым. Үмітімді соңына дейін үзбеп едім. Кім қателеспейді бұл өмірде. Қателігін мойындайтын шығар деп күттім. Бірақ қазір де оның қателігін мойындамайтынын жүзінен көріп отырмын»-дейді Бақыт Назарова.
 
Әлімбековамен қатар Феруза Ордабаева есімді келіншек те «Алаяқтық» бабы бойынша сотталған. Прокурар екеуінің де кінәсі дәлелденгенін айтқан. Әнші 6 жылға, Феруза Ордабаева 3 жыл 6 айға жаза кесілген.

Дереккөз: http://reactor.inform.kz