Танымал актриса жансақтау бөлімінде жатыр — новости Казахстана

Алматы қаласында болған жол апатынан танымал актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөліміне түскен. Қазір жағдайы өте ауыр деп хабарлайды Instagram желісіндегі auezovtheatre парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: театр парақшасы
Театр қызметкерлерінің айтуынша, жол апатынан жансақтау бөліміне түскен актрисаның жағдайы өте ауыр.
Аталған ұжым барша қазақстандықтардан актриса үшін дұға етуін сұраған.
Айзада Сатыбалдиева — Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Еске сала кетсек, Алматыдағы жол апаты салдарынан 3 адам қайтыс болды.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар