Танымал актер жүргізушінің өліміне себепші болды: оқиға орнынан видео жарияланды

0

«Лада» көлігінің жүргізушісі – интернет-дүкеннің курьері ауруханада көз жұмды, Ефремов он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Танымал актер Михаил Ефремовтің қатысуымен болған жол апатынан кейін түсірілген видео жарияланды.

Кадрдан Ефремовтің полиция көлігінің қасында темекі тартып тұрғаны көрінеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Жантүршігерлік жол апаты 8 маусым күні кешке болды. Мәскеудегі Смоленск алаңында Jeep Grand Cherokee қарсы бетке шығып кетіп, «Лада» автокөлігімен соқтығысқан. «Лада» жүргізушісі – интернет-дүкеннің курьері жабық бас сүйегі-ми жарақатымен шұғыл ауруханаға жеткізілді. Таңғы бесте ол көз жұмды.

Джип рөлінде актер Михаил Ефремов отырған. Ол жол апатынан кейін ұсталды, сараптама оның қанында алкоголь барын көрсетті.

Михаил Ефремов енді Ресей Қылмыстық кодексінің 264-бабы 4-тармағы бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



sputniknews.kz