Танымал актер қайтыс болды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Актер атақты режиссерлермен жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Италиялық актер Карло Делле Пьяне 83 жасында өмірден озды. Бұл туралы ANSA агенттігіне әйелі Криспино хабарлады.

Актер Римде қайтыс болған. Неден және қалай көз жұмғаны туралы хабарланбайды.

Делле Пьяне 70 жыл ішінде жүзден астам киноға түскен. Ол Витторио де Сика, Альберто Сарди, Альдо Фабрици секілді белгілі режиссерлермен жұмыс істеді. Актер түскен фильмдер – «Американец в Риме», «Полицейские и воры», «Монах из Монцы» және «Рыцари крестового похода».

Ол 1983 жылы ең үздік ерлер рөлі аталымында Венеция кинофестивалінің Пазинетти премиясын алды. Үш жылдан кейін Венеция кинофестивалінің «Күміс арыстаны» жүлдесіне ие болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз