Танымал актер қағып кеткен жүргізуші көз жұмды

0

Көлікті мас күйінде айдаған Михаил Ефремов Ресей Қылмыстық кодексінің 264-бабы бойынша 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Танымал актер Михаил Ефремов көлігімен қағып кеткен жүргізуші ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

Михаил Ефремов енді Ресей Қылмыстық кодексінің 264-бабы 4-тармағы бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

8 маусым күні кешке Смоленск алаңында Jeep Grand Cherokee қарсы бетке шығып кетіп, «Лада» автокөлігімен соқтығысқан.

Джип рөлінде актер Михаил Ефремов отырған. Ол жол апатынан кейін ұсталды, сараптама оның қанында алкоголь барын көрсетті.

«Лада» көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Алғашында Қылмыстық кодекстің 264-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл бапта жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



sputniknews.kz