Танымал актер лауазымды қызметке тағайындалды

0
329

Артур Төлепов Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Instagram-да актердің өзі хабарлады.

«Жап-жас басымызбен кеңседе кеңес беріп отырмай, елдік жұмыстарға тікелей араласқан жөн болар деп ойлап, Алатау ауданындағы «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жұмыстарын да мойынымызға алып жатырмыз», – деп жазды Төлепов.

«Adaldyq alany» – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жобасы. Мақсаты – жемқорлыққа апаратын салдарды анықтау және болдырмау. Әсіресе, тұрмыстық коррупцияның алдын алу.

«Жобаның фронт-кеңселері еліміздің барлық облыс орталығы мен аудандарында бар. Соның бірінің жұмысы енді бізге жүктелді», – деп түйіндеді актер.