Таңғажайып оқиға: Комада жатқан бойжеткен сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасаған соң есін жиды

0
342

Ұлыбританияда комада жатқан бойжеткен сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасаған соң есін жиды. Таңғажайып оқиға дәрігерлердің өзін таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Лондон тұрғыны Кристин Смит коронавируспен ауырып, Мидлсбродағы Джеймс Кук университетінің ауруханасының жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратымен жатты.

Дәрігерлер әйелдің отбасын бәріне дайын болуға шақырды. Себебі науқастың жағдайы күн сайын нашарлай берді. Алайда бірнеше күн комада жатып, өзінің жағдайының қаншалықты қауіпті екенін білмей, 36 жастағы әйел кенеттен оянып, орнынан тұрып, анасына қоңырау шалды.

Дәрігерлер қыздың жігіті Марк Сквирске қоңырау шалып, ауруханаға келуін сұраған. Қыздың жағдайы қайта нашарлай бастайды. Ер адам қызбен сөйлесе бастады және оның жанында ұзақ отырды. Осыдан кейін ер адам соңғы мүмкіндікті сынап көруді жөн деп шешкен. Ол әлі комада жатқан қызға үйлену туралы ұсыныс жасады. Бұған жауап ретінде қыз кенеттен оянып кетеді. Науқас өзінің комада жатқанын да, қай күн екенін де есіне түсіре алмады.

«Мені барлық медбикелер палатадан шығарды, бүкілі шапалақтап тұрды, бұл өте аяулы сәт болды. Содан кейін Марк маған ұсыныс жасады. Ол мені жоғалттым деп ойлаған, міне, қазір біз үйлену тойын жоспарлап отырмыз”, – деді Кристин.

Шамамен үш апта бұрын Кристин ауруханадан шықты, енді үйлену тойына дайындалуда.