«Таңғажайып дүние»: Димаш тыңдармандарына қандай сый әзірлеп жатқанын айтты – Қазақстан жаңалықтары

0
105

Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы оқырмандарына Мәскеудегі студияда жұмыстарының қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді. Сондай-ақ, Игорь Крутойдың өзіне қандай сый жасағанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейлік сазгер Игорь Крутой қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арнап ән жазды. Репертуарының жаңа әнмен толыққаны туралы хабарды Димаштың өзі Instagram парақшасында бөлісті.

«Мәскеудегі студияда жұмыс істеп жатырмыз. Игорь Яковлевич таңғажайып дүние жасап шығарды. Жуырда тыңдайтын боласыздар. Шаршаса да, шабыттанғандар», – деп жазды әнші.

Ал әншінің тыңдармандары өз кезегінде оған шығармашылық табыс тілеп, ақ тілегін жарыса жаудырды.

Сазгер Игорь Крутой 2018 жылдың қараша айында Сочиде өткен халықаралық «Жас толқын» байқауында Димаштың өнерін жоғары бағалаған болатын. Ол байқауға қонақ болып келген қазақстандыққа тік тұрып қошемет көрсетті. Бұдан кейін олар бірігіп Кремль сахнасында және НТВ арнасының тікелей эфирінде өнер көрсетті.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген Игорь Крутойдың шақыруымен көптеген шараға қатысып, тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленді.

Бүгін, 8 сәуір күні, Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның концертінде өнер көрсетеді. Шығармашылық кеш сағат 19:30-да «Крокус Сити Холл» залында өтеді.

stan.kz