таңертең ірі жол апаты болды
Қысқа сілтеме алу
Әртүрлі жарақат алаған төрт адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді
АЛМАТЫ, 15 тамыз — Sputnik. Алматыда түні бойы жаңбыр жауып, Райымбек даңғылын су басып кеткен, салдарынан ірі жол апаты болып, төрт адам зардап шекті.
Жол апаты таңертең ерте Ясауи және Момышұлы көшелерінің арасында болған.
Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Lada Priora мен Toyota Ipsum Райымбек даңғылымен шығыс бағытта кетіп бара жатады. Райымбек даңғылында жаңбырдан кейін жиналып қалған суды көрген жүргізушілер жылдамдықтарын ақырындатқан.
Алайда көліктердің күрт ақырындауын сол бағытта кетіп бара жатқан автобус жүргізуші күтпесе керек. Қоғамдық көлік жеңіл көліктердің артынан соғып, жан-жаққа ұшырып жіберді.
©
Sputnik / Стрингер.
Райымбек даңғылындағы су басу салдарынан ірі көлік апаты болды
Toyota Ipsum инерциясымен алда келе жатқан Toyota Camry көлігін қағып, ал ол өз кезегінде Daewoo Nexia көлігін соққан.
Соқтығысу салдарынан төрт адам зардап шекті – Lada жүргізушісі, Toyota Ipsum көлігіндегі үш жолаушы. Жедел жәрдем оларды қараған соң, жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.
Полицейлер жол-көлік оқиғасын тіркеп жатқанда, Алматының коммуналдық қызметі су басу салдарын жоюды қолға алып, арықтарды қоқыстан тазартты. Соның арқасында Райымбек көшесіндегі су деңгейі төмендеді.
Қазір даңғылдағы жағдай қалпына келтірілген. Көліктер еш кедергісіз екі бағытта да жүріп жатыр.
sputniknews.kz