«Таңдағаным тегін адам емес»: Ерке Есмахан тұрмысқа шығатынын айтты

0

Ерке Есмахан жақында тұрмыс құрмақ. Бұл жаңалықты әншінің өзі желдегі оқырмандарына жария етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Тұрмысқа шығуға дайындалып жүргеніме біраз болды. Тып-тыныш шыға қоямын ба деп ойлағанмын. Бірақ, тыныш болмайын деп тұр-ау. Өйткені, таңдағаным тегін адам емес», — деп жазды Ерке парақшасында. 

Ерке Есмахан нақты кімге тұрмысқа шығатынын ашып айтқан жоқ. Желі қолданушылары бұның әзіл әлде рас ақпарат екенін білмей дал. Сүйінші жаңалықты естіп, әншіні сұрақ астын алды.

8 наурыз әйелдер мерекесі қарсаңында Ерке сүйіктісінің өзіне сый жасап, көңілін аулағанын жазды.

«Мейрамды сонша күтіп едім, тойлау бұйырмаған екен. Ауырып, жылап, үйде жатырмын. Сүйіктім гүлі мен сыйлығын сыйлады. Оны алып алдым! Басымды көтере алмай жатсам да, ондай кезде тұрып кетесің ғой. Ол әрі қарай ресторанда романтикалық кешкі ас дайындапты, оған бара алмайтынымызды түсініп тағы бір жылап алдым. Сүйтіп осы суретке түсіп, тамақ заказ беріп тойлап жатырмыз», — деп жазды.

Желіде Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың кездесіп жүргені айтылды. Бірі мұны хайп десе, бірі қызығушылық танытты. Енді бірі бақыт тілеп жатты.