Тамызда карантин ұзартылса, қазақстандықтарға 42 500 теңге төлене ме

2

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге әлеуметтік төлемге байланысты халық арасында туындайтын өзекті мәселелерді зерттеді – ведомство өкілдері карантин шаралары ұзартылған жағдайда, тамыз айында жәрдемақы төлене ме деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің баспасөз қызметі атап өткендей, үкімет шілде айында 42 500 теңгені біржолғы әлеуметтік төлем ретінде белгілеген. Ережеге сәйкес, аталған жәрдемақы табысынан айырылған азаматтарға бір айға ғана төленеді. Тамыз айына мұндай төлем қарастырылмаған.

Сондай-ақ ведомсвто өкілдері қазақстандықтарға 1 қыркүйекке дейін Egov, 42500enbek.kz сайты, telegram-боттар, Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы, сондай-ақ банктер арқылы өтінім беруге болатынын еске салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір миллионнан астам адам 42 500 теңгеге өтінім бергенін, әлеуметтік төлем 880 мың қазақстандыққа тағайындалғанын мәлім етті.

Сондай-ақ ведомство өкілдері бір миллионнан астам қазақстандықтың шотына азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін 5556 теңге мөлшерінде ақша аударылатынын хабарлады.