Тамыры инеден жіңішке: 258 грамм болып туған нәресте перзентханадан шығарылады — Қазақстан жаңалықтары
Жапонияда 258 грамм болып туған шақалақ аман қалды. Оның тамырлары инеден де жұқа болған.
Әлемде бойынша ең аз салмақпен өмірге келген сәби перзентханадан аман шығарылмақ.
Анасында жүктілік кезінде гипертония басталып, дәрігерлер оның құрсағының өзгеріске ұшырауынан қорыққан. 24 апталығында оған кесарь отасы жасалып, баланы өмірге әкелді.
Бұл сәби ең аз салмақта өмірге келіп, адам болып кеткендердің ішіндегі ең кішісі.
Анасының айтуынша, оған жақындаудың өзі қауіпті болған. Дәрігерлер де оған ине сала алмай әбігер болды. Шақалақтың тамырының жұқалығы инеден жіңішке еді.
Қазір баланың бойы 43 см, салмағы 3374 грамм. Сенбі күні перзентханадан шығарылады.
stan.kz