Тамара Вощенкова: Қазақстанда 10 миллионға жуық адам коронавирусқа шалдығады

0

Жоғары санатты дәрігер, бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова осындай болжам айтты.

Қазақстанда 10 миллионға жуық адам коронавирусқа шалдығады. Жоғары санатты дәрігер, бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова осындай болжам айтты.

«Елімізде 18 миллион халық бар. Менің болжамым бойынша, коронавирусты 10 миллионға жуық қазақстандық жұқтырады. Бұл биологиялық процесс .Ауруға кез келген адам шалдығады, індеттен ешкім қорғалмаған. Коронавирустан қорғайтын жалғыз тәсіл –  әр ағзада антидене түзілуі керек»,- деді ол.

Оның пайымынша, елімізде төтенше жағдай режимі жарияланбағанда, қазіргі ауру және өлім-жітім көрсеткіші наурызда басталар еді.

«Қазір мен барынша оқшауландым. Бірақ менің коронавирусты жұқтырмайтыныма кепіл жоқ. Қазіргі жағдайда әр адам өз денсаулығының менеджері болуы тиіс. Имунитетті нығайту – пандемиядан жеңімпаз болып шығудың жалғыз жолы»,- дейді Тамара Вощенкова.

aikyn.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз