Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Тамара Дүйсенова 2022 жылдың сәуірінен бері еңбек министрі қызметін атқарады. Ал 2023 жылдың 4 сәуірінде президент Тамара Дүйсенованы бұл лауазымға қайта тағайындаған.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылған еді.