Тамара Асардың Ерке Есмаханға жазған тілегі желіде қызу талқыға түсті

0

Тамара Асардың әншінің сәбилі болуын уылдырық шашуға теңегенін сынап тастады.

Жақында өмірге екінші ұлын әкелген әнші Ерке Есмаханды қуанышымен құттықтап, ерекше тілек жазған Тамара Асар жұрт сынына қалды.

«Ағысқа қарсы жүзген екі ғашық. Бүгінде жатыр екен, уылдырық шашып, Еркені туған күнмен құттықтайық, шын ниетпен қуанып, көңіл тасып. Құрметті, Райым, Ерке, кішкентайлы болуларыңызбен құттықтаймын. Сіздер үйленгенде, «Ағысқа қарсы жүзген бағыттарыңыз бақытқа толы болсын» деп едім. Тола берсін! Еркеш, туған күнің құтты болсын» деп жазды Тамара Асар.

Әлеуметтік желі қолданушылары Тамара Асардың әншінің сәбилі болуын уылдырық шашуға теңегенін сынап тастады.

«Махаббатқа, аң мен құсқа теңеген қазағым енді уылдырық шашқызыпты», «Басқа адам бұл тілекті жазса, тұрпайы дер едім», «Бүгінде жатыр екен ұрпақ сүйіп десеңіз, дұрыс болады», «Қазақтың мағына сөзі ғой», «Бастысы, ұйқас келсе болды ғой» деп жазды пікір білдірушілер.

ақпарат: Turkystan.kz