Тамақтың ішінде құрт, тарақан бар: Маңғыстау балалар ауруханасындағы жағдай жұрттың жағасын ұстатты

0
187

Ақтау қаласының тұрғыны облыстық балалар ауруханасында кішкентай науқастар ішінде тарақаны бар макарон беретінін видеоға түсіріп алған. Бұл жалғыз жағдай емес екен. Бір күн бұрын, баланың анасының сөзінше, ауруханада таңғы асқа ішінде құрт жүрген ботқа берген.

Бұл туралы «Астана» арнасы хабарлады.

Аймақ шенеуніктері де видеоға қатты таң қалды. Бірақ олар өздерін ақтауға асықты. Олардың айтуынша, тамақ аурухана ішінде дайындалмайды. Мұнда түскі асты жергілікті ЖШС әкеледі.

«Біз оны жай ғана дайын күйінде балалар дастарханына қоямыз, ал макарон, ботқа ішінде жәндіктер бар болса, әрине, біз бұл үшін жауап бермейміз», – деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов.

Алайда, шенеуніктер ыстық тамақ жеткізушісін тарақандар туралы хабардар етті. Арадағы келісімшартты бұзатынын айтқан. Ал ЖШС иесі ботқадағы жәндіктер бәсекелестердің айла – амалдары екеніне сенімді.

«Мен олардың қалай істейтінін, не істейтінін білмеймін, мүмкін, ауруханаға барады, ешкімді кінәлай алмаймын, ешкімді ұстамадым, бізде ондай жоқ. Мен тек бір нәрсені айта аламын, бұл – бәсекелестердің айла-амалдары. Бұл жай ғана лас бәсекелестік», – деді ыстық тамақ жеткізуші Зарета Фаталиева.