«Тамақ та жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева депутаттың әке-шешесін қонаққа шақырып, өзі кетіп қалған
Ақын Айнұр Тұрсынбаева Ыстамбұлға Семейден келген Дәулет Мұқаевтың ата-анасын құр қол қарсы алған. Ол өзінің Түркиядағы үйіне Дәулет Мұқаевтың ата-анасын шақырып алып, өзі кетіп қалған. Бұл жағдай туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді
«Бір күні Ыстамбұлға Дәулет Мұқаев бауырымның ата-анасы келді… Қайша Керейдің үйіне тоқтаған екен, барып сәлемдесіп, үйге демалыс күнге қонаққа шақырдым… Содан демалыс күні таңертең оянамын, бірдемені ұмытқан сияқтымын.. Үйдегілерден «мен бірдеңе ұмытып тұрмын, бір нәрсе істеуім керек сияқты» деп қайта-қайта сұраймын… Ешкім білмейді… Сонымен ары жүріп, бері жүріп, ішім пысып, көшеге шығып кеттім… Бір кафеге кіріп алып, круассан мен кофеге заказ беріп қойдым… Кофе дайын болғанша эфирге кіре қояйын деп, түпсананы ұрып жатқанмын ғой.. Қайша қайта-қайта қоңырау шалды.. Эфир біткен соң сөйлесермін деп басып тастаймын.. 1 сағат эфирді өткізіп болып ватсапты ашып қалсам, Қайша 45 аудио жіберіп тастапты… Қонақтармен келдік деп… Үйде әшейінде толып тұратын тамақ та жоқ қой… Ойбай өмірімде дәл солай есім шықпаған шығар… Сонау Семейден келген қонақтарымды мәнтімен қайтарғаным бар… Есіме түссе әлі терлеп кетемін ше?! Сіздерде қандай қызық болды?» — деп жазды ол.
фото: әлеуметтік желіден