«Тамағыма пышақ тіреп тұрғандай сезім болды»: Дәрігер коронавируспен қалай ауырғаны туралы толық айтып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Британдық доктор Клэр Джерада коронавируспен қалай ауырып қалғанын және одан қалай емделгенін егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұған дейін ол Лондондағы жалпы практика дәрігерлерінің корольдік колледжінің басшысы қызметін атқарған. 

60 жастағы терапевт Нью-Йорктен қайтып оралғаннан бірнеше күн өткеннен кейін өзін нашар сезінген, онда ол медициналық конференцияға қатысқан. Бастапқыда Клэр бұл уақыт белдеулерінің ауысуы және ұзақ сапардың ықпалы деп ойлаған.

Алайда, Клэрде құрғақ жөтел басталып, қызуы көтерілген, қалтырап,  қызба пайда болды, «тамағында қорқынышты ауру» пайда болған.

 «Менде тамағыма пышақ тіреп тұрғандай сезім болды», — деп еске алды ол. Сол кезде  Клэр оның коронавирус екенін түсінген.

Оның айтуынша, алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін бірнеше сағаттан соң ол тамақ іше алмаған. 

«Мен екі күн тамақтана алмадым, тәбетім болмады, аузымда металл дәмі болды, мұрнымда және тамағымда жаралар пайда болды», — деді дәрігер.

Ол өзінің бірнеше күн бойы төсектен тұрмағанын айтты.

«Жоғары температура болғандықтан, мен төсекте жататынмын. Бірнеше күн бойы мен тек ұйықтадым. Тіпті қолыма телефон ұстауға күш болған жоқ. Бұл ретте мен өзімді лимонмен су ішуге мәжбүрледім және сегіз сағат сайын парацетамол қабылдадым. Ауру бәсеңдеді және мазасыздықтар басылды, бірақ, таңқаларлық болса да, мен өлетінімді сезбедім», — деді Клэр.

Бір аптадан кейін әйел жақсара бастаған. Қызуы төмендеп, жөтелі кетті. Ол қайтадан тамақ ішіп, таза ауаға шыға алды.

Британдық әйел 15 жыл бұрын тұмаумен ауырғанын атап өтті. Бірақ тұмау коронавируспен салыстыруға келмейді. Клэрдің сөзінше, бұл оның бастан өткізгендерінің ішіндегі ең жаман ауру.

«Дәрігер ретіндегі жұмысымның 35 жылында мен қорқынышты нәрселерді, оның ішінде менингит пен SARS ауруын кезіктірдім. Бірақ коронавирус қоғамға және экономикаға әсері жағынан анағұрлым қорқынышты», — деді Клэр Джерада.

Бұл ретте ол вирусты жұқтырған адамдардың көпшілігі, тіпті қарт кісі болса да,  өзі секілді жазыла алатынына сенімді. Оның айтуынша, коронавирус тек денсаулығы нашар адамдарға қауіпті.

«Коронавирус-бұл міндетті түрде өлім жазасы емес», — деді Клэр.

 

stan.kz