Талибан Ауғанстандағы студент қыз-жігіттер бөлек оқитынын жариялады

0

Ауғанстандағы  студент қыз-жігіттер бөлек оқиды, деп хабарлайды Tolo News телеарнасы. Бұл туралы елдің білім министрі Абдул Баки Хаккани айтты

Хаккани атап өткендей, қыздардың білім алуға құқығы бар, бірақ олар ұлдармен бірге оқи алмайды. Ол студент қыздарға «қауіпсіз білім беру ортасы» қамтамасыз етілетініне уәде берді.

Хаккани сонымен қатар жақында университеттердің қайта ашылатынына және мұғалімдер мен жоғары білім министрлігінің қызметкерлеріне жалақы төленетініне кепілдік берді.

Кабулда Ауғанстан жоғары білім министрлігінің баспасөз конференциясы өтті, оған университет профессорлары, ғылыми орта өкілдері мен кафедраның бұрынғы шенеуніктері қатысты. РИА Новости Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап хабарлағандай , олар билікті басып алған тәліптерді жаңасын құрудың орнына қолданыстағы білім беру жүйесін сақтауға және жаңғыртуға шақырды.