Home Жаңалықтар Талғарда жігітті аяусыз ұрып-соққандардың әрекеті видеоға түсіп қалды

Талғарда жігітті аяусыз ұрып-соққандардың әрекеті видеоға түсіп қалды

0
811

Алматы облысында полицейлер жігітті аяусыз ұрып-соққан күдіктілерді анықтауға тырысуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде екі ер адамның жігітті ұрып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Онда екі жігіттің біреуге бас салғанын көруге болады. Жәбірленуші бастапқыда жасырынуға тырысады. Бірақ соңында бұзақылар құрбанын жерге құлатып, тепкінің астына алады.

Жазба авторы оқиға Талғардағы Попов көшесінде болғанын нақтылады. Жігітті ұрған сәт көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Видео желіде тез тарады. Қазақстандықтар құқық қорғау органдарынан дереу араласуды және көше бұзақыларын жазалауды талап етеді.

 

Полиция аталған факті бойынша оларға ешқандай өтініш түспегенін хабарлады. Ведомство жәбірленушінің медициналық көмекке жүгінбегенін атап өтті.

«Факт ресми түрде тіркелді. Қазір оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.